RU

Талдырмаш мүсінді Дильназ Ахмадиева ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Дильназ Ахмадиева
Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева 39 жасында ана атанып, одан бетер көрікті болып кетті. Эстрада жұлдызы босанғаннан кейін аз уақыт ішінде артық салмақтан арылып қана қоймай, дене бітімін ретке келтіріп алған. Оған қнер иесінің желіде жариялаған соғы суреттері дәлел болмақ деп жазады Kaz.nur.kz.

Дильназ Ахмадиева Instagram парақшасында ерекше әрі батыл образдармен түскен фотосессиясымен бөлісіп, көпшілікті таңдай қақтырды. Шоу-бизнес жұлдызы қалың көпшілікке мінсіз мүсінін барынша паш етіп, ерлер қауымын өзіне ғашық етті.

Ер азаматтар әншінің отбасылы екеніне қарамастан, аталмыш суреттердің астына оған деген сезімдерін ашық жазған. Олар өнер иесінің мүлдем өз жасына ұқсамайтынын алға тартып, оның талдырмаш мүсініне тәнті болғанын мойындады.

Әйелдер қауымы да Ахмадиеваның санаулы уақыт ішінде осындай формаға келіп алғанын үлкен күш-жігер мен ерлікке теңеді.

Бір фотода әнші төсін ашып тұратын қара түсті қысқа көйлекте бой көрсетсе, тағы бір суретте ол денесіне жабысып тұратын былғарыдан жасалған образда тұрғанын көруге болады. Эстрада жұлдызының үшінші образы кеудесі ашықтау келген ұзын ақ көйлектен тұрды.

"Дильназ әрдайым көріктісің. Сізді жақында ана атанды деп айтуға қимайсың. Дене бітіміңіз керемет" , "Өзіңе ғашық болдым. Сендей жары бар жолдасыңның арманы жоқ шығар" , "Босанғалы тек одан бетер әдемі бола түскендейсің", "Мінсіз мүсініңмен еліктірдің. Өте көріктісің, айтарға сөзім де жоқ" , "Сізге қарап, тілім байланып қалды" , "Көптеген қызға үлгісіз" , - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876229-taldyrmas-msindi-dilnaz-ahmadieva-erler-kauymyn-esten-tandyrdy-foto.html