RU

157 келіден 64 келіге дейін салмақ тастаған әйел тез арықтаудың құпиясын айтты

Ару
Фото: ru.oxu.az

АҚШ тұрғыны 157 келі салмақтан қалай 64 келіге дейін арықтағанын көпшілікке айтып берді. Бұл туралы Kaz.nur.kz порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Техас штаты Даллас қаласында тұратын 35 жастағы Шавонда Брикли (Shavonda Brickley) 28 жасында 157 келі болған.

Ару
Фото: ru.oxu.az

Фармацевтикалық компания қызметкері болып жұмыс істейтін әйел 2017 жылы өзін түбегейлі өзгертуге бел буады.

"Өзімді қолға алып, өзгелерге емес өзіме көп көңіл бөлу керектігін түсіне бастадым. Арықтаудың түрлі тәсілдеріне жүгіндім. Десе де олардан еш нәтиже болмады. 2018 жылдың наурызында жасым 33-ке жақындағанда өз денсаулығымды қолға алдым", - деп есіне алды ол.
Ару
Фото: ru.oxu.az

Шавонда алдымен газды сусындар мен тәттілерден бас тартып, көкөніс пен жеміс-жидектерге көшкен. Кейін Instagram желісінен кетодиета туралы ақпарат тапқан ол 2019 жылы аталмыш диетаны ұстана бастайды.

"Кетодиетаның ерекшелігі қалаған тағамыңызды жей алуыңызда", - дейді ол.
Ару
Фото: ru.oxu.az

Кейін әйел интервалдық ашығу әдісін қолдана бастаған. Ол күнделікті 16 сағат тамақ ішпеуге тырысып отырған.

Ол таңғы аста бекон, жұмыртқа мен ірімшік жесе, түскі асқа тауық еті мен брокколи тұтынады. Ал десертке кето-балмұздақ пен жаңғақ қосылған батон жейді.

Шавонда спорт нашар диетаның орнын толтырмайтынын түсінген.

Ару
Фото: ru.oxu.az
"Басында аптасына алты-жеті күн спортпен шұғылданып, тамақты барынша тойып ішетінмін. Бұл дұрыс болмағанын түсіндім. Жаттықтырушымен бірге жұмыс істеймін. Ол жоқта алты шақырым жүруге не жүгіруге тырысамын", - дейді әйел.

Ол артық салмақтан арылуға көмектескен үш басты әрекетін айтып берді: өз күшіңе сену, қатты қызығатын тағамыңызды жей бермеуге күш-жігер жинау, өз рационыңызды жоспарлай білу.

Ару
Фото: ru.oxu.az
"Нәтижесінде екі жыл бес ай ішінде 64 келіге дейін салмақ тастадым. Менің кеңесім, неден бастау керектігін білмесеңіз де бастысы бастай білу. Прогресске ден қойыңыз. Еңсеңіз түспесін, сіз өз салмағыңыздан өзге ештеңе жоғалтпайсыз", - дейді Шавонда.

Еске салсақ, бұған дейін бес-ақ сағатта 10 келі салмақ тастаған қария рекорд жаңартқанын жазған едік.

Одан бөлек, ағзадағы артық майларды жоғалтып, қан қысымын төмендететін өнім анықталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876230-157-keliden-64-kelige-dejin-salmak-tastagan-jel-tez-aryktaudy-kpiasyn-ajtty.html