RU

"Бақытты": Ақбота Сейітмағамбеттің жаңа жазбасы көпті ойландырып қойды

Ақбота Сейітмағамбет көңіл-күйсіз фотосы
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық шоу-бизнестің жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет желіде бақытты екенін жария салып, елдің қызу талқысына қалды. Көпшілік жалғызбасты ананың өмірінде бір азаматтың пайда болғанын болжауда деп жазады Kaz.nur.kz.

Ақбота Сейітмағамбет белгілі актер Дәурен Айдарқұловпен ажырасып, барынша шығармашлығын шыңдап жатыр. Әнші ару бір топ жігіттермен ән салып, тіпті олармен бірге бейнебаян таспалап тастады.

Бастапқыда ажырасуына қатысты еш жерде пікір білдірмейтінін айтқан өнер иесі енді әрбір сұхбатында жан сырын ақтаруда. Жанар Айжановамен тілдесу барысында ол балалары кішкентай болып тұрғанда тұрмысқа шығып алмақ екенін жасырмай айтты.

Ал Instagram парақшасында Ақбота Сейітмағамбет күнделікті түрлі ерекше образды фотосессияларының нәтижелерімен бөлісіп жүр. Ол оқырмандарын жаңа суреттермен қуантып қана қоймай, екі ойлы жазбалармен қызықтырып тастады.

Соңғы жазбаларының бірінде әртіс өзінің бақытты екенін айтып, суреттің астына жүрекше мен үш нүкте қалдырған.

Желідегілер мұны өнер иесі жүрегінің жартысын тапқанын меңзеп тұр деп қабылдаған.

"Бақытты болыңыз, сіз соған лайықсыз" , "Енді шынымен бақытты боларсыз" , "Ұзағынан сүйіндірсін, жүзіңізден күлкі кетпесін" , "Өз махаббатын тапқан секілді" , "Махаббатыңызды дұрыс тауып, бақытты болғайсыз" , "Балапандарыңыздың қызығын көріңіз" , "Кіммен бақыттысыз?" , "Жүрегіңіз кімге арналған? Біреу пайда болғанға ұқсайды ма?" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Сейітмағамбет алдағы уақытта қыз ұзатпайтынын кесіп айтты. Өнер иесі бұл шешімінің себебін түсіндіріп өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876247-bakytty-akbota-sejitmagambetti-zaa-zazbasy-zelidegilerdi-ojlandyryp-kojdy.html