RU

"Дезинфектор деп елестет": Хамитовты жекпе-жек алдында жерден алып, жерге салуда

Фото
Фото: Марат Қалдыбаев

Бүгін, 25 қыркүйекте Мәскеу қаласында танымал қазақстандық файтер Қуат Хамитов пен Ахмад Хан Боков жекпе-жек өткізуі керек. Айқас алдында қазақстандықтар дезинфектор туралы айтқан отандасымызды жерден алып жерге салуды жалғастыруда деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы.

"Найман" лақап атымен танылған спортшының әлеуметтік желідегі соңғы жазбаларында пікір білдірушілердің қарасы көп. Оқырмандар Қуаттың дезинфектор туралы видеосына әзілдеуді жалғастырып жатыр.

Мысалы, оның әуежайдан түскен суретінің астына жазылушылардың бірі "Мәскеудегі дезинфекторларды ұстаңыз" деген пікір қалдырған.

Сонымен қатар тағы бір желі қолданушысы "дезинфекторларға енді қалада қорықпай жүре берсе болады" деді.

Салмақ өлшеу рәсімінде түскен фотоның астына да спортшының "жанкүйерлері" "Қарсыласыңызды дезинфектор деп елестетіңіз" деп әзілдеген.

Одан бөлек, Қуат Хамитовқа алдағы жекпе-жегінде жеңіс тілегендер де көп болды.

"Алға", "Біз саған сенеміз", "Тек қана жеңіс", "Өзіңнің мықты екеніңді дәлелде", "Сәттілік тілейміз" деді отандасымыздың жанашырлары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы полициясы Қуат Хамитовты қамауға алғанын жазған едік.

Кейінірек ішкі істер министрлігі атақты спортшы, аралас жекпе-жек шеберінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты.

Қуат Хамитов басын дауға қалдырған видеосына қатысты түсініктеме беріп, оны әзіл ретінде түсіргенін жеткізді.

Алматы полициясы спортшыдан жауап алған соң, оны босатып үйіне жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876250-dezinfektor-dep-elestet-hamitovty-zekpe-zek-aldynda-zerden-alyp-zerge-saluda.html