Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн форматта өткізілмек

Опубликовано:

Логотип "Айбын"
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында 28 қыркүйегінде сағат 16.00-де «Айбын» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуы онлайн-форматта өтеді.

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мен әскери қызметті насихаттау, Қарулы Күштердің имиджін арттыру мақсатында 2015 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.

Жиынға 15 адамнан тұратын 39 команда қатыспақ. Олар «Жас ұлан» республикалық мектебінің, облыстық әскери мектеп-интернаттарының, ҚР Қарулы Күштері әскери-патриоттық клубтарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері. Жиынға қатысушылардың жалпы саны 585 адамды құрайды.

Жиынды өткізу үшін aibynonline.kz веб-сайтынан тұратын онлайн-платформа әзірленді. Онда жалпы ақпарат мен тұжырымдама, жарыс ережесі мен регламенті, жиынды өткізу бағдарламасы, оқыту және емтихан платформасы орналастырылған.

Aibyn мобильді қосымшасы арқылы веб-сайтқа кірген кез келген ғаламтор-пайдаланушы сайыс барысын бақылай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876252-ajbyn-2020-vi-respublikalyk-skeri-patriottyk-zastar-ziyny-onlajn-formatta-tkizilmek/

pixel