Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасыл жұмыртқа басып шыққан тауық жұртты таңырқатты (фото)

Опубликовано:

Тауық
Көрнекі фото: world.fakty.ua

Қытайдың Суцянь қаласында тауық жасыл жұмыртқа басып шығып, әлем жұртшылығын таңырқатты. Бұл туралы Kaz.nur.kz порталы world.fakty.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында орналасқан Суцянь қаласында болған бұл жайт көпшіліктің ерекше таңданысын тудырған.

Ала жасыл түсті жұмыртқаны басып шыққан тауықтың қожайыны бұл оқиғаны жергілікті тілшіге айтып беріпті.

Ол жасыл жұмыртқа дәрігер Сьюздің "Жасыл жұмыртқа мен ветчина" атты балалар кітабындағы жұмыртқаға ұқсайтынын алға тартуда.

Жұмыртқа
Фото: world.fakty.ua

Тұрғын жергілікті радиостанциядағы Цзянсу қоғамдық каналында жұмыс істейтін репортерге жұмыртқаны көрсеткеннің арқасында әлемге танымал болып шыға келген.

Әйел тауыққа әдеттегідей жүгері дәндері, көкөніс пен шөптен құралған тағам бергенін айтуда. Ол үй құсына одан өзге оғаш ештеңе бермегеніне сендірді.

Алайда Суцянь ветеринарлық станциясының бас ветеринар дәрігері Чжан Вэньчэн тауық жайдан-жай жасыл жұмыртқа баспайтынын айтуда. Ол бұған сырттай бірдеңе әсер еткен болуы керектігін сөз етті. Айтуынша, жұмыртқа енді қалыптаса бастағанда қожайыны оған әсер ететін тағам түрін берген болуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін біз көбі біле бермейтін он оғаш зат жұрттың таңданысын тудырғанын жазған едік.

Одан бөлек, Facebook желісінің қолданушысы үй қабырғасында пайда болған қара нүктелердің не екенін ұқпай, жұрттан ақыл сұрағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1876253-zasyl-zmyrtka-basyp-sykkan-tauyk-zrtty-tayrkatty-foto/

pixel