RU

Түркістан облысында ер адам көшеде есірткі қолданып тұрған жерінен ұсталды

Полицей мен есірткі қолданған азамат
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері кезекті рейд барысында көше бойында есірткі қолданып тұрған азаматты ұстап алды деп хабарлайды Kaz.nur.kz Polisia.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Мұхаммеджан Амангелдиев аумақтарды аралап, рейд жүргізу барысында күдік тудырған азаматты байқады.

Полицей күдікті азаматтың көше шетінде есірткі затына ұқсас затты қолына ұстап, қолданып тұрғанын көреді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді.

Осы іс бойынша тергеп-тексеру барысында күдікті үйіне қайтып келе жатып, жол-жөнекей өзіне тән хош иісі бар есірткі затына ұқсас өсімдікті тауып алғандығын айтқан. Содан оны көшенің бойында шегіп келе жатқан жерінен полиция қызметкері ұстап алады.

Тәртіп бұзушы азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Сараптама қорытындысы бойынша күдіктіден алынған заттың “марихуана” екені анықталды. Ұсталған азамат бас шарасы келу туралы міндеттемеде.

Өз кезегінде, Түркістан облысы полиция қызметкерлері азаматтарға заңсыз есірткі сақтап, сатқандарға қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.

Егер сіз есірткіге қатысты мәселеге тап болсаңыз немесе осы салада қылмыс жасауға байланысты ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның “102” телефоны бойынша хабар беріңіздер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876254-trkistan-oblysynda-er-adam-ksede-esirtki-koldanyp-trgan-zerinen-staldy.html