RU

Алматыдағы Көк базарды бір күнге жабады

көк базар1
Фото: vladimirkrym.livejournal.com

Алматыдағы Көкбазар бүгін сағат 13.00-де бір күнге жабылады деп хабарлайды Kaz.Nur.kz базар әкімшілігіне сілтеме жасап.

Базардың жабылу себебі белгісіз. Әкімшілік Көкбазардың Алматы қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің нұсқаулығына сәйкес жабылатынын айтты.

Базар бүгін, 25 қыркүйек күні сағат 13: 00-де жабылады және күні бойы жұмыс істемейді. Ал ертең, сенбі күні карантинге байланысты қойылған шектеу шараларына сәйкес ашық қатарлар штаттық режимде жұмыс істейді. Дүйсенбіден бастап базар әдеттегідей жұмыс істей бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Көк базардың сот шешімімен бір айға жабылғанын хабарлаған едік. Бұл туралы бүгін бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг кезінде хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, қызметкерлер арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының тіркелуіне байланысты Алматыдағы Көк базардың жабылғанын хабарлағанбыз.

Базардың жұмысының тоқтауына базар әкімшілігінен коронавирус жұқтыру дерегінің тіркелуі себеп болған. Бұл жағдайды анықтап жатқанда тағы 19 адамнан коронавирус табылған.

Олар да әкімшілік қатарынан шыққан. Сатушылар арасынан инфекция жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

Айта кетейік, оңтүстік астанадағы ірі сауда орындарының бірі саналатын "Көк базар" карантин уақытысында өз жұмысын жалғастырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876263-almatydagy-kk-bazardy-bir-knge-zabady.html