Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Қымбат жандар»: Ұлттық арнада жаңа тележоба эфирге шығады

Опубликовано:

Қымбат жандар
Фото: «Қазақстан» РТРК

Қазақстанда 5 жылда 13 мың адам із-түзсіз кеткен. 27 қыркүйектен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан жоғалған жандарды іздеуге арналған «Қымбат жандар» әлеуметтік тележобасы эфирге шығады. Жобаның басты мақсаты - түрлі жағдайда жақындарын жоғалтқан кейіпкерлерге барынша қолдау көрсетіп, тиісті мекемелердің тікелей көмегімен хабар алуға қолұшын беру.

«Қазақстанда соңғы 5 жылда 13 мың адам із-түзсіз кеткен. Елімізде ай сайын 220 адам жақындарынан алыстайды. Бұл - көңілге кірбің ұялататын статистика. Із-түзсіз жоғалған әр адамның тағдыры да әр қилы. Кей адам ашу үстінде жақындарынан баз кешіп, отбасынан кетіп қалса да, арада көп жыл өткен соң қайта табысқысы келеді. Біздің мақсатымыз - сол жандардың отбасына оралуына жәрдемдесу. «Қымбат жандар» - тағдырдың жазуымен бір-бірінен қол үзіп қалған жандарды қауыштыратын алаң. Қазірдің өзінде редакцияға түрлі хаттар келіп түсуде. Ең өкініштісі, олардың арасында анасынан ажырап қалған балалар бар», - дейді бағдарлама жүргізушісі Қымбат Досжан.

Қымбат жандар
Фото: «Қазақстан» РТРК

Қазақстандықтар бағдарламаға +77075355383 WhatsApp нөмірі бойынша немесе qymbat_jandar@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы өз оқиғасын жолдай алады.

Қымбат жандар
Фото: «Қазақстан» РТРК

Жоба Ұлттық арнадан 27 қыркүйектен бастап әр жексенбі 12:00-де эфирге шығады.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876282-kymbat-zandar-lttyk-arnada-zaa-telezoba-efirge-sygady/

pixel