Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тікелей эфирде жүргізушінің төсін түсірген оператор елді күлкіге қарық қылды (видео)

Опубликовано:

ржұргі
Видеодан кадр: twitter.com/revrrlewis

Тікелей эфирде жүргізушінің бетін түсірудің орнына омырауын түсірген оператордың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті деп хабарлайды Kaz.nur.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдай Fox News телеарнасындағы саяси шоу кезінде орын алған. Оператор Эйнсли Эрхардт есімді жүргізушінің бетін түсірудің орнына оның көз тартарлық кеудесін түсірген.

Осы бір сәттің үзіндісі әлеуметтік желіде тарап, 345 мыңға жуық қаралым мен 250-ге тарта пікір жинаған.

Титрларға қарағанда жүргізушілер мен сарапшылар америкалық Жоғарғы соттың жаңалығын талқылап жатқан. Кадрда екі ер адам мен бір әйел болған. Оларды әртүрлі камера түсірген. Тележүргізушіні түсіріп тұрған оператор бір сәтте объективті әйелдің кеудесіне қарай бағыттаған.

Бірнеше секундтан соң Эрхард камераның бетінде тұрмағанын көріп, операторға объективті көтеру керек екенін ыммен түсірген. Бұл оқиға кадрдағылардың езуіне еріксіз күлкі үйірген.

Еске сала кетсек, қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да эфир кезіндегі қызықты оқиғасымен бөліскен еді.

Тележүргізуші жанкүйерлеріне осы жақын арада орын алған ыңғайсыз жағдай жайында айтып берді.

БАҚ өкілі өзіне гүл сыйлаған студия қонағының көзінше ұятқа қала жаздаған. Белгілі болғандай, тарту етілген гүл шоғынан оның аллергиясы бар болып шықты. Сұлтанқызы мұрны қышып, түшкіргісі келсе де тікелей эфир үшін өзін барынша ұстап отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1876295-tikelej-efirde-zrgizusini-tsin-tsirgen-operator-eldi-klkige-karyk-kyldy-video/

pixel