RU

Тоқаевтың экс-кеңесшісі жаңа қызметке тағайындалды

Фото
Фото: Facebook/Олжас Құдайбергенов

Олжас Құдайбергенов ұлттық экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің төрағасы болып сайланды деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы министрлікке сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің отырысында мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы талқыланды. Ведомство басшысы Руслан Дәленов кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді.

Кеңес төрағасы болып экономист, президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Кеңестің міндеті - мемлекеттік саясаттың бақыланатын басым секторларында жүктелген міндеттерге қол жеткізу үшін министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу.

Басқарушы кеңестің құрамына: Министрліктің басшылығымен қатар (қарастырылып отырған мәселелердің құзыретіне сәйкес) президент жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов, төраға, "TALAP" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, "DAMU Research Group" ЖШС басшысы Тимур Айсауытов, президент әкімшілігі жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды бағалау және мониторингілеу орталығы жанындағы сараптамалық-талдау тобы жетекшісінің орынбасары Ержан Елекеев кіреді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының 14 қыркүйек күнгі Өкімімен Чакрабарти Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған болатын.

Бұған дейн аталмыш қызметте Олжас Құдайбергенов отырған болатын. Дегенмен ол шілде айында штаттан тыс кеңесші қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876296-tokaevty-eks-keessisi-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy.html