RU

Шымкентте карантин тағы ұзартылды

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шымкентте карантин және шектеу шаралары тағы екі аптаға ұзартылды. Қаланың бас санитар дәрігерінің тиісті қаулысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Құжатта Шымкенттегі карантин 28 қыркүйек 00:00-ден 2020 жылғы 12 қазан 00:00-ге дейін ұзартылды делінген. Осы кезеңде қала тұрғындары үшін жаппай жиналатын іс-шараларға (еске алу, туған күн, мерейтойлар, шығарып салу, құдалықтар, беташарлар және басқалары) тыйым салынды.

Қалада 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектелген. Көшеде және қоғамдық орындарда маска тағудың міндетті талабын орындау қажет, сонымен қатар кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек. Алайда, аулаларда, саябақтар мен алаңдарда 3 адамнан аспайтын топ немесе бір отбасы мүшелері еркін жүріп, серуендей алады. 3 адамнан аспайтын топтарға балаларға арналған ойын алаңдарына баруға рұқсат етіледі.

ХҚКО жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін алдын ала брондау бойынша жұмыс істейді, демалыс және мереке күндері жұмыстар тоқтатылады. Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын базарлар сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуі мүмкін, демалыс және мереке күндері жабық болады.

Супермаркеттер мен дүкендерге сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін, ал қоғамдық тамақтану орындарына 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Аквапарктер мен жағажайлар, сондай-ақ ойын-сауық орындары (бильярд бөлмелері, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер және басқалары) әлі де жабық болады. Сауда орталығы демалыс және мереке күндері жұмысын тоқтата отырып, тек жұмыс күндері сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Сондай-ақ, кинотеатрлар қызметіне тыйым салынған. Қоғамдық көліктерге жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектеу қойылған.

Сілтеме арқылы өтіп, құжаттың толық мәтінімен таныса аласыз.

Еске салсақ, Шымкент маңындағы әскери бөлімнен қару-жарақ арсеналын ұрлады деп айыпталғандар сотта соңғы сөзін айтты.

Оған қоса, қалада жасөспірімдер түнгі уақытта гүл мен шарлар сатумен айналысқаны белгілі болды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1876299-symkentte-karantin-tagy-zartyldy.html