Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тапсырыспен туамын": Зәбір көрген 20 жастағы суррогат ана жан сырын ақтарды

Опубликовано:

суррогат ана
Фото: КТК/Видеодан кадр

Осы жылдың наурыз айында Жанар Әбдіраимова тапсырысқа бала туып, ақшаның астында қалу керек болған. Эмбрионнан адам еткені үшін оған үш млн теңге берілуі керек еді. Алайда, отбасы ақыр соңында қызды қинап, жезөкшелікке салған деп жазады Kaz.nur.kz.

Өзі үшін бейтаныс адамдардан зәбір көрген ару жанайқайын КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты. Ол желіде хабарландыру бойынша бала тудырғысы келетін ерлі-зайыптылармен хабарласып, оларға ЭКО арқылы перзент сыйлауға келіседі.

Бірқатар анализдерден өткен соң, тапсырыс берушілер оған баланы табиғи жолмен туып беруін талап етеді. 20 жастағы Жанар келіспей, кетіп қалмақ болады. Алайда, ерлі-зайыптылар оны үйінен шығармай, құлдықта ұстайды.

"Жарнаманы көріп, хабарластым. Жақсы адамдар болып шыққан. Хбарландыру бойынша үйлеріне бардым. Олар бастапқыда келісімшартта ЭКО арқылы деп жазса, кейін табиғи жолмен бала туып бер деп мәжбүрледі. Зорламады, мәжбүрлі түрмен қорқытып ұстады. Анализ тапсырдық, ол бір аптадан соң дайын болды. Нәтиже шыққан соң, олар табиғи жол туралы айтты. Мен бірден қайтатынымды жеткіздім. Қасымда тағы Назерке есімді қыз болды. Оны да шақыртып алған. Біз тіпті анализге кеткен ақшасын да қайтарып беріп, қайтпақшы едік. Алайда, бізге пышақпен қорқытып, үйден шығармай қойды" , - деп ағынан жарылды ару.

Жанар Әбдірайымованың сөзінше, ерлі-зайыптылар ол бала көтерген жағдайда ай сайын 70 мың теңге, сәби босанғаннан кейін үш миллион теңге беретінін айтқан. Алайда, ол ақшаның ешбірін суррогат ана алмаған. Себебі, құрсақ та көтермеген.

"Мен сенгенім соншалық, оларға тіпті "үш миллион қажет емес, ай сайын ғана беріп отырсаңыздар да жетеді" дедім. Мен баланы ақша үшін емес, шынымен мұқтаж жандарға көмектесу үшін туып бермек едім. Олар шын балаға мұқтаж деп ойлап қалдым. Бірақ, ақиқатында олай болып шықпады. Бізді үйден шығармады, құлыптап тастап жүрді. Өліммен қорқытты. Пышақпен қорқытты, бірнеше рет соқты." , - деді Жанар.

Анықталғандай, суррогат аналарды алдап, оларды сексуалдық қарым-қатынасқа итермелеген 57 жастағы азамат пен оның 47 жастағы келіншегі болып шықты.

Жанар Әбдірайымова 20 жасында өзі жалғызбасты ана болып отыр. Кішкентай ұлының болашағы үшін ол суррогат ана болуға келісіп, мұқтаждарға көмектесе ақша табуға бекінген. Бірақ, өзгелерге перзент сылайға барған ару құлдыққа қалай түсіп қалғанын түсінбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876300-tapsyryspen-tuamyn-zbir-krgen-20-zastagy-surrogat-ana-zan-syryn-aktardy/

pixel