Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин қайта енгізілсе, 42500 теңгенің қаншаға өсетіні белгілі болды

Опубликовано:

42500 теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов карантин қайта енгізілген жағдайда, 42 500 теңгенің қаншаға өсетінін айтты деп хабарлайды Kaz.nur.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Мырзахметовтың сөзінше, министр ақшаның сомасын арттыру туралы кеше ғана айтқанымен, кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені мамыр айында қозғаған.

"42 500 аз. Девальвация, инфляция бар. Төлемді индексациялау қажет. Біздің есебіміз бойынша 55-60 мың теңге болуы мүмкін. Әрине, бәрі бюджетке байланысты", – деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Еске сала кетейік, кеше еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қатаңдатылған карантин қайта енгізілсе, жұмыссыз қалғандарға берілетін төлем собасы көбейетінін хабарлаған еді.

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, егер елде коронавирустың екінші толқыны болып, қатаңдатылған карантин енгізілсе, онда 2,2 миллион адам қиын жағдайға тап болуы мүмкін.

Ал жұмыс істейтін тұрғындардың тек жартысы ғана қалыпты режимін сақтай алады. Олардың қатарына ауыл шаруашылық, құрылыс, өндіріс және денсаулық сақтау саласында еңбек ететіндер жатады. Сондай-ақ 2,5 миллиондай адам қашықтықтан жұмыс істеуге көшеді.

Айта кетсек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында 42500 теңгені алуға құқы жоқ деп танылған тұрғындардың өтініші 1 желтоқсанға дейін қайта қаралатыны туралы ақпарат жарық көрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876309-karantin-kajta-engizilse-42500-tegeni-kansaga-setini-belgili-boldy/

pixel