RU

Украинада коронавирустың екінші толқыны басталды

Көше маска1
Көрнекі фото: STR/NurPhoto via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский елде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы ZIK телеарнасына сілтеме жасап.

Украина елінде соңғы күндері анықталған жаңа инфекциялық жағдайлар саны тәулігіне 3 мың адамнан асып түскен.

"Қазір Украинаны қоса алғанда бүкіл әлемде шиеленісу орын алып отыр және ауру жағдайларының саны артып келеді. Сондықтан, бізде шетелдік азаматтарға кіру мүмкіндігі жоқ. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім.
Бүгінгі таңда бізде тәулігіне 3 мың коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп отыр. Өкінішке қарай, бұл - Украинадағы екінші толқын. Біз украиналықтар үшін де, Украинаға келген шетел азаматтары үшін де тәуекел ете алмаймыз. Содан кейін, бұл жағдай тұрақталған кезде ғана Украина шекаралары ашылады", – деді Зеленский Братиславадағы баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, танымал қазақстандық меценат, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай енді Украина президенті Владимир Зеленскийдің қасында жұмыс істейтін болды. Оның заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстары мемлекет басшысының көңілінен бірден шыққан.

Ал 2018 жылдан бастап Украина билігі Қазақстанға сот төрелігінен жасырынған бес азаматты экстрадициялады. Біздің тағы бес азамат елге экстрадициялануы мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Василий Олейник палатаның жалпы отырысы барысында айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876313-ukrainada-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-bastaldy.html