RU

Хабиб әкесі қайтыс болғаннан кейін күйзеліспен қалай күресіп жатқанын айтты

Хабиб 123
Фото: championat.com

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагамедов әкесі қайтыс болғаннан кейін күйзеліспен қалай күресіп жатқанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Спортшы қазіргі қиын сәтте қарқынды жаттығу жасауға шешім қабылдағанын жеткізді.

"Әкем де сондай еді – үнемі жаттығатын. Достары оның қайда барса да, спорттық сөмкесін тастамайтынын айтады. Алдымен ол жататын жерін дайындап алып, сосын жаттығуға кететін. Бұл әдет әкемнен қалған. Спортшы болғандықтан, мен үшін жаттығу өте маңызды", – дейді Хабиб.

Айта кетейік, аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов әкесі қайтыс болғаннан кейін алғаш рет Instagram желісінде жазба жариялаған еді. Спортшы асқар тауы Абдулманап Нурмагомедовті еске алып, оған әсерлі сөздерін арнаған.

Ресейлік спортшының Instagram желісіндегі ресми парақшасында әкесі Абдулманаппен түскен суреті пайда болды.

"Сен менің әкем, досым, ағам және жаттықтырушым болдың", - деді ол фото астындағы жазбасында.

Сонымен қатар, Хабиб әкесінен көп нәрсе үйренгенін жеткізді.

Еске сала кетсек, сәуір айының соңында Абдулманап Нурмагомедов Дағыстанда ауруханаға түскені хабарланды. Алайда ауруханаға жатқызу себебі айтылмаған болатын. Кейінірек жаттықтырушыға пневмония диагнозы қойылғаны белгілі болды.

Ал шілде айының басында UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесінің қайтыс болған хабарланды. Суыт хабарды Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876314-habib-kesi-kajtys-bolgannan-kejin-kjzelispen-kalaj-kresip-zatkanyn-ajtty.html