Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда лифтіден құлап кеткен екі баланың өліміне қатысты сот процесі басталды

Опубликовано:

жеделсаты
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда лифт шахтасына құлап қайтыс болған екі баланың өліміне қатысты сот процесі басталды деп хабарлайды Kaz.nur.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Алмагүл ықшам ауданында 2018 жылы 22 мамырда тоғызыншы және сегізінші сынып оқушылары жүк таситын лифтінің шахтасына құлап кеткен. Жасөспірімдердің бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Осыдан соң Атырау билігі лифтілерге бірден тексеріс жүргізіп, бірнеше кемшілік анықтаған.

Қайғылы оқиғадан соң Атырау облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабы (Сапасыз салынған құрылыс) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірақ ол сотқа 254-бабына (Міндеттеріне адал қарамау) өзгертілген.

Айыпталушы ретінде сол уақыттағы"Каспий Лифт" ЖШС-нің 53 жастағы директоры Қаныбек Мұратбаев танылған.

Қазір №2 қалалық сотында сот процесі өтіп жатыр, бұдан басқа, тергеу ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы (Салғырттық) бойынша қала әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты жеке өндіріске материалдар бөлді.

Еске сала кетейік, Павлодарда лифтіге құлаған әйел оқиға орнында қайтыс болған еді.

Белгілі болғандай, лифтінің дұрыс жұмыс істемейтінін барлық үй тұрғындары білген. Тек жаңадан көшіп келген 64 жастағы Павлодар тұрғыны ғана техника ақауынан бейхабар болыпты.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, әйел адам бесінші қабаттағы биіктіктен құлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1876320-atyrauda-liftiden-klap-ketken-eki-balany-limine-katysty-sot-procesi-bastaldy/

pixel