Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сотталған Ефремовтің ұлы коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Ефремов маскімен
Фото: РИА Новости / Илья Питалев

Сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған ресейлік актер Михаил Ефремовтң кіші ұлы коронавирус жұқтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы оның досы, Мәскеу қылмыстық іздестіру басқармасының ардагері Алексей Лобарев мәлім етті

Оның айтуынша, бала өзін жақсы сезінуде, температурасы жоқ, вирус ауру белгілерінсіз өтіп жатыр.

"Мектептен жұқтырып келген, сыныптастарының бірі ауруға шалдыққан екен. Барлық оқушылар тест тапсырған, Боряның сынамасы оң нәтиже көрсетті", – деді Лобарев StarHit порталына берген сұхбатында.

Дереккөздің мәліметінше, Ефремовтің жұбайы мен қыздары да коронавирус инфекциясына тексерілген. Тест нәтижелері теріс болып шықты. Дегенмен, отбасы саяжайда оқшауланған.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте Мәскеудің Пресненск аудандық соты ресейлік актер Михаил Ефремовке қатысты үкім шығарған болатын. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сот Михаил Ефремовті кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі деп таныды.

Сотталушыдан 800 мың рубль өндіру туралы шешім шығарылды. Сондай-ақ актер үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Еске сала кетсек, биылғы 8 маусымда Jeep Grand Cherokee автокөлігін басқарған Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Михаил Ефремов жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Lada автокөлігін соққан болатын.

Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша бас басқармасы жол апаты кезінде актердің мас күйде болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876334-sottalgan-efremovti-ly-koronavirus-zktyrdy/

pixel