RU

Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық екпе салдырды

Асхат Аймағамбетов1
Асхат Аймағамбетов. Фото: primeminister.kz

17 қыркүйектен бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in отандық екпені клиникалық сынақтан өткізу үрдісі басталды. Белгілі болғандай, КВИ-ге қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те салғызған деп жазады Kaz.nur.kz.

Асхат Аймағамбетов QazCovid-in вакцинасын салғызғаннан кейінгі жағдайын Tengrinews.kz басылымына айтып берді. Министрдің сөзінше, ол бұл жобаға басынан бері жетекшілік етіп келе жатыр.

Білім және ғылым министрі қазақстандық препаратты клиналық сынақтарға дейінгі көрсеткен нәтижелерінен соң салдыруға бекінген. Себебі, ол екпенің қауіпсіздігі мен нәтижелігіне көз жеткізген.

"Оны салдырғаннан бері көп уақыт өтіп кетті. Өзімді жақсы сезінемін. Ешқандай катаралды құбылыстар байқалған да, болған да жоқ. Дене қызуым көтерілген жоқ" , - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрлік басшысы отандық вакцинаны жасап шығарумен айналысатын биоқауіпсіздік проблемаларының Ғылыми-зерттеу институты ТМД елдері бойынша мықты әрі білікті ордалардың қатарына кіреді.

Институт жасап шыққан көптеген дәрі-дәрмек бүгінде шетелде кеңінен таралған.

Айта кетейік, елімізде коронавирус пандемиясы әлі де жалғасып жатыр. Бүгін Солтүстік Қазақстанда қауіпті инфекция 12 оқушыдан анықталған.

Оған қоса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 екінші толқынына тыңғылықты дайындалуға шақырды. Осы ретте азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барлық ресурсты жұмылдыру қажеттігін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876337-ajmagambetov-koronaviruska-karsy-otandyk-ekpe-saldyrdy.html