Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрі бітімгершілік оқу-жаттығу шығындарын оңтайландыруды тапсырды

Опубликовано:

Қорғаныс министрі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Алматы облысына жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің қатысуымен кешенді оқу-жаттығу өткізу жоспарланған бітімгершілік оқу-жаттығу орталығында болды.

Қорғаныс министрі инфрақұрылым мен нысандардың дайындық барысын қарап, оқу бағдарламаларымен танысты. Ведомство басшысы бітімгершілік оқу-жаттығу әкімшілігін тыңдап, бірқатар ұйымдастырушылық түзетулер енгізді.

Министр оқу-жаттығуға дайындықты қаржыландыру мәселелеріне жеке тоқталды. Бюджет шығындарын үнемдеу бағытын ескере отырып, бұған дейін Қорғаныс министрі оқу-жаттығу нысандарын жабдықтау үшін ішкі резервтерді барынша пайдалануға нұсқау берген болатын.

Қорғаныс министрі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Атап айтқанда, әкімшілік ғимараттар мен оқу сыныптарына бір кездері істен шыққан, бірақ жөнделген жиһаздар бөлінген. Оқытуға арналған техникалық құралдар тексеріс пен әскерлердегі артық мүлікті түгендеуден кейін қайта бөлінді. Полигонның бірқатар қымбат бағалы материалдары мен жабдықтары осы қаражат пайдаланылмаған басқа мемлекеттік органдардан өтеусіз алынды.

Қорғаныс министрі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі өткен жылдары жоспарланған оқу орталығының инфрақұрылымы бойынша тек маңызды және қажетті іс-шараларды бюджеттің шығыс бөлігінде қалдыруды тапсырды: жолдар, электр және жылу коммуникацияларын төсеу, олар шамамен 100% орындалды.

Кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу БҰҰ аясында бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Қарулы Күштері қызметінің ұдайы өсіп келе жатқан маңызына байланысты жоспарланған болатын. Ол алғаш рет 2020 жылғы 29 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Алматы маңындағы бітімгерлерді даярлау Оқу орталығының базасында өтеді. Оған Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әскери-әуе күштерінің, Әскери полицияның, әскери медициналық мекемелердің, сондай-ақ ҚР ҚК минасыздандыру орталығының бөлімшелері қатысады.

Қорғаныс министрі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Бітімгершілік даярлықтың оқу орталығы қызметінің негізгі түрі бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға қатысатын бөлімшелерді оқытуға арналған полигон болып табылады. Мұнда «Қазполк» бөлімшелері, БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына жіберу үшін жиынтық контингент, сондай-ақ әскери байқаушылар ретінде шетелге жіберілетін офицерлер әскери оқудан өтеді.

Әскери қызметшілер іс жүзінде бітімгершілік міндеттерді орындау ерекшеліктерін зерделейді. Халықаралық гуманитарлық құқық ережелерінің негізінде әртүрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын шыңдайды. Болашақта орталыққа аймақтық мәртебе беру және тек қазақстандық жауынгерлерді ғана емес, сонымен қатар жақын шетел армияларының өкілдерін де оқыту жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876340-korganys-ministri-bitimgersilik-oku-zattygu-sygyndaryn-otajlandyrudy-tapsyrdy/

pixel