RU

Алматыға ұшып келе жатқан Air Astana ұшағы Шымкентке мәжбүрлі түрде қонды

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қызылордадан Алматыға ұшып келе жатқан Air Astana ұшағы Шымкентке мәжбүрлі түрде қонды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылдың 25 қыркүйегінде Air Astana әуе компаниясының Р4HA тіркеу нөмірі бар E 290 (Эмбраер-190) әуе кемесі Қызылорда-Алматы бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшу кезінде диспетчерлерге техникалық себептер бойынша Шымкенттің қосалқы әуеайлағына қону туралы хабарлады",- деді министрлікте.

Әуе кемесі сәтті қонды.

"Ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әуе кемесінің командирі қосалқы әуеайлаққа кетуге шешім қабылдады",- деді министрлік өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы аспанында айналып жүрген Air Astana ұшағы тұрғындарды алаңдатып қойған еді.

Осы мәселеге байланысты NUR.KZ тілшісі тасымалдаушының ресми өкілдеріне хабарласқан болатын. Елдің зәресін ұшырған жағдай тек жаттығу болып шықты.

"Жаңадан келген ұшқыштарға, олар курсанттар немесе басқа әуе кемелерінен дайындалған ұшқыштар болсын, ұшуға арналған дайындықтың бір бөлігі, бұл аэродромдық дайындық деп аталады", - деді әуе компаниясы.

Жаттығу тәжірибелі мамандардың қатысуымен өтеді, жолаушылар мен бортсеріктер болмайды деп түсіндірді Air Astana өкілдері.

Ал оған дейін әлеуметтік желіде Qazaq Air әуе компаниясының лайнері ұшып кеткен соң елордалық әуежайға қайта оралғаны туралы ақпарат тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876378-almatyga-syp-kele-zatkan-air-astana-sagy-symkentke-mzbrli-trde-kondy.html