RU

Шымкентте түрмеге телефон кіргізбек болған азамат анықталды

Түрме1
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласының тұрғыны түрмеге ұялы телефон алып кірмекші болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азаматтың құйтырқы айласы тексеріс барысында әшкерленді. Ол тыйым салынған заттарды, атап айтқанда, ұялы телефон мен SIM-картаны жасырын түрде алып кіруді ойластырған.

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 (орташа қауіпсіз) мекемесіне 24 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында келіп түскен сәлемдемелерді тексеру барысында мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған "Jinga” маркалы қара түсті ұялы құрылғы мен SIM-картаны қара пакетке жасырып өткізбекші болған азамат анықталды.

Бұл заттарды Шымкент қаласының С.М есімді 1996 жылғы тұрғыны қамауда отырған досына жеткізгісі келген. Ол өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады.

Құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттама толтырылды.

Айта кетейік, Алматыдағы блок-бекетте болған жол апатына қатысты іс Алматы облыстық сотында қаралып жатыр. Айыпталушы ретінде Азат Азаматов есімді экс-полицей танылған. Бүгін сол апаттан аман қалған жалғыз адам түсінік берді.

Жантүршігерлік жол апатынан екі тәртіп сақшысы қайтыс болып, полицей Ербұлан Сейдазым ауруханаға түскен. Жақында ғана есін жиған ол сотта қаралы күн туралы айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876380-symkent-trgyny-trmege-tygyp-telefon-tkizbek-bolgan.html