RU

Гүлзира Айдарбекова Қайратты жерге теңеген Төлегенованың сөздеріне жауап қатты

Қайрат пен Гүлзира
Фото: dalanews.kz

Гүлзира Айдарбекова халық әртісі Бибігүл Төлегенованың сұхбаттарының бірінде Димашты көкке, ал Қайратты жерге теңеуіне қатысты өз ойын ортаға салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованың кезінде берген сұхбаттарының біріне қатысты өз ойын TengriTV атты парақшада жария болған видеода ортаға салған.

"Бибігүл апамыз Димашты көк деді, Қайратты жер деді" деп маған журналистер келіп, сұрақтың астына алған болатын. "Осылай айтты, апамызға не дейсіз" деп. Мен оған жауап бердім, "Димаш Қайрат бола алмайды, ал сіз мен бола алмайсыз, мен журналист бола алмаймын, әркімнің өзінің өмірі, өзінің әлемі бар, Алланың берген ризығы бар" деп. Өйткені әрбір адамның өзіне Алла несібесін береді", - деп болған жайтты есіне алды Айдарбекова.

Продюсер айтқан сөздері елге толықтай жетпегінен алға тартты.

"Біреудің өміріне тұмсығымды тығудың маған қажеті жоқ. Оны журналистер келіп, жоғарысына үлкен етіп жазып, Гүлзира ханым Димаш Қайрат бола алмайды деді деп жұртты шулатқан болатын. Бірақ негізгі әңгімемді кесіп тастайды", - деп ренішін айтты ол.

Айдарбекова Димаш пен Қайратты салыстыра беретіндерге ашулы екенін жасырмады.

"Мен үшін Димаштың өмірі қызық емес, мысалға. Құдайға шүкір, өзіме өмір берді, балама өмір берді. Аллаға сансыз шүкір. Мен Димашқа тек қана жақсылық тілеймін. Ата-анасы одан үміт күтіп отыр. Күнде мен сияқты уайыммен отыр. Света екеуіміздің де тілегеніміз - баламыздың амандығы, солардың жетістігі. Оның менің өмірімде жұмысы жоқ, менің оның өмірінде жұмысым жоқ. Бірақ неге екенін білмеймін, Димаш шыққалы бері, сәл бірдеңе болса, сонымен салыстырады да отырады", - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Нұртастың өкілі әншінің төбелеске қатысқаны туралы сыбыс тарауына байланысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, белгілі композитор Қайрат Нұртасқа неге ренжулі болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876388-glzira-ajdarbekova-kajratty-zerge-teegen-bibigl-tlegenovany-szderine-zauap-katty.html