Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нағыз батыр: Кішкентай баланы құтқарып қалған жігітке жұрт мақтауын жаудырды (видео)

Опубликовано:

Ер адам
Скриншот: Vibhinna Ideas

Колумбия елінде мотоцикл басқарған азамат кішкентай баланы құтқарып қалып, желі жұлдызына айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Флоренсияда тұратын азамат бір күннің ішінде көпшілік арасында танымалдыққа ие болды. Кішкентай баланы құтқарған ер адамның әрекеті көпшіліктің мақтауына ие болған.

Оғаш оқиғаның видеосы желіде тарап кеткен. Онда ер адам жүретін арбамен төмен қарай ызғып бара жатқан баланы құтқарып қалғаны байқалады. Мотоцикл басқарып келе жатқан азамат баланы көре сала мотоциклін тастап, балақайға қарай жүгіреді.

Құлауға сәл-ақ қалған бүлдіршінді дер кезінде ұстап үлгерген ер адам оны бір ажалдан аман алып қалған.

Желі қолданушылары ер адамның әрекетіне тәнті болып, оның нағыз батыр екенін жарыса жазуда.

Баласының артынан жүгіріп жеткен анасы да ер адамға дән риза болған. Twitter желісінің Vibhinna Ideas парақшасында жария болған видео қысқа уақытта 2 миллион қаралым және 600-ден астам пікір жинап үлгерген.

"Қырағылығына таңмын", "Нағыз батыр", "Біз болсақ, не болғанын түсінбестен бір орында қатып тұрар едік", "Керемет", - деп жазған желі қолданушылары.

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматы көшесінің қақ ортасында атқа мініп, тағам жеткізбек болған жігіт жұртты таңырқатқанын жазған едік.

Одан бөлек, өз жеңісін өзге спортшыға бере салған жас жігіт жұрттың жүрегін елжіреткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1876390-nagyz-batyr-kiskentaj-balany-ktkaryp-kalgan-zigitke-zrt-maktauyn-zaudyrdy/

pixel