Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасын емханаға күнде арқалап апаратын ұлы мен оның әкесі көптің жүрегін елжіретті (видео)

Опубликовано:

Отбасы
Фото: Viral Press

Филиппинде тұратын отбасының науқас әйелді күнде емханаға арқалап апаратыны жұрттың жүрегін елжіретті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Филиппин елінің Антике провинциясында тұратын әйел бүйрегі ауыратындықтан, күнде емханаға барып отыруға мәжбүр деп жазады бұл жайттың видеосымен бөліскен Viral Press атты YouTube парақшаның авторы.

41 жастағы Арлин есімді әйел таулы аймақтардың біріндегі ауылда тұрады. Ауылда қалаға қатынайтын бірде бір қоғамдық көліктің болмауы тұрғындардың жағдайын әбден қиындатқан. Оның үстіне аяғын дұрыс баса алмайтын күйге түскен әйелдің күнде емханаға баруы үлкен мәселеге айналған.

Жеке көлігі де жоқ отбасы тау-тасты жаяу кезіп, әйелді бамбук таяқшасының көмегін арқалап тасуға мәжбүр. Анасын ерекше жақсы көретін ұлы мен оның әкесі Арлинді, осылайша күнде дәрігерге алып барады екен.

Бұл жайтты видеоға түсірген отбасының кіші ұлы кез келген қиындықты шексіз махаббаттың күшімен еңсеруге болатынын көпшілікке көрсеткісі келген.

Видеоны көрген көпшілік ерекше бауырмал отбасына жылы лебіздерін білдіруде. Олар видео авторына алғысын жаудырып, отбасына денсаулық тіледі.

Еске салсақ, бұған дейін біз кішкентай баланы құтқарып қалған жігітке жұрт мақтауын жаудырғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, балабақшаға қызын берген соң жылап алған әке көпшіліктің назарына іліккенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1876391-anasyn-emhanaga-knde-arkalap-aparatyn-ly-men-ony-kesi-kpti-zregin-elziretti-video/

pixel