Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіпкерлер мен дәрігерлерді жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев не деді (фото)

Опубликовано:

Президент
Фото: Qasym-Jomart Toqayev / Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының кәсіпкерлерімен және дәрігерлерімен кездесу ұйымдастырып, кәсіпкерлікті дамыту әрі денсаулық сақтау мәселелерін талқылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы президенттің Twitter парақшасында жарияланған.

"Алматының кәсіпкерлерімен шағын және орта бизнесті қолдау шараларын талқыладық. Қазіргі жағдайда салықты жеңілдету, субсидия беру, айналымдағы қаржыны толықтыру және т.б. арқылы бизнеске көмектесе береміз. Елге пайдалы кәсіпкерлікті дамытуға кедергі жасауға ешкімнің құқығы жоқ", - деп жазған мемлекет басшысы желі парақшасында.
Президент
Фото: Qasym-Jomart Toqayev / Twitter

Президент кездесу сәтінің фотосымен де бөліскен. Одан бөлек Twitter парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалына барғаны белгілі болды.

Президент
Фото: Qasym-Jomart Toqayev / Twitter

Мемлекет басшысы дәрігерлердің үстеме төлемақысы үшін қосымша 150 миллиард теңге бөлінетінін сөз еткен.

"Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалына бардым. Коронавирустың екінші толқынының қаупін ескере отырып, денсаулық сақтау саласына баса мән берілетін болады. Екінші жартыжылдықта дәрігерлердің үстеме төлемақысы үшін қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді", - деп жазған Тоқаев.

Еске салсақ, бұған дейін біз Тоқаевтың экс-кеңесшісі жаңа қызметке тағайындалғанын жазған едік.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876392-ksipkerler-men-drigerlerdi-zinagan-kasym-zomart-tokaev-ne-dedi-foto/

pixel