RU

Еліміздің оңтүстігінде Әскери-әуе күштерінің ұшу-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Фото
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Аталмыш жаттығулар «Алдаспан-2020» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында өтті. Әуедегі әскери авиация Құрлық әскерлерінің бөлімшелеріне қолдау көрсетті.

ӘӘК әскери бөлімдері жауынгерлік әзірліктің жоғары денгейіне келтірілді. Әскери-әуе күштерінің бөлімдері ұшуға басшылық жасау үшін «Гвардейск» далалық әуеайлағына арнайы автомобиль техникасымен марш жасады. Тұрақты орналасу пункттерінен Ми-17, Ми-171Ш, Ми-35 тікұшақтарында әскери авиацияның ұшқыштары көшірілді. Майдан авиациясы Шымкент және Талдықорған арнайы аэродромдарынан ұшып шығып, авиациялық топ құрылды.

Оқу-жаттығу барысында әскери ұшқыштарға заңсыз қарақшыларды жою тапсырмасы берілді. Ұшу экипаждары таулы жерлерде, күрделі метеорологиялық жағдайларда, күндізгі және түнгі уақытта әуе барлауын жүргізу дағдыларын пысықтады.

Фото
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
«Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, таулардағы әуе барлауының деректері негізінде ұшу экипаждары шартты қарсылас пен техникаларын жойды. Сонымен қатар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері диверсиялық жару жұмыстарын жүргізу үшін ұшақтардан белгіленген ауданға десант түсірді», – деп атап өтті полковник Нұрболат Топаев.

«Мәтібұлақ» полигонында Құрлық әскерлері қолбасшылығымен өткен тәжірибелік жаттығулар мен өзара іс-қимыл әрекеті жас мамандар үшін пайдалы болды. Әскери қызметшілер таулы, шөлді жерде заңсыз әскери құрамаларды әуеде барлау, табу және жою бойынша міндеттерді орындады. Әскерлер мен әскери техниканы қондыру, эвакуациялау дағдыларын пысықтады.

Әскери әуе күштерінің ұшу құрамы жоғары кәсібилігі мен жағдайды жедел бағалай алуды және арнайы әскери операцияларды жүргізу кезінде шешім қабылдау жағдыларын көрсетті.

Фото
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876407-elimizdi-otstiginde-skeri-ue-ksterini-su-taktikalyk-oku-zattygulary-tti.html