RU

Украинадағы әскери ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 25-ке жетті

фото
Фото: kharkivoda.gov.ua

Украина ҚК Әуе Күштері Ан-26 ұшағы апатынан 25 адамның қаза тапқандығы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Укринформ басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, 25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген.

Бортта 7 экипаж мүшесі және Кожедуб атындағы әуе Күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болғаны анықталды.

2 адам ауыр халде жатыр. Олар медициналық мекемелерге жеткізілді. Ал Украина президенті Владимир Зеленский қайғылы оқиға болған жерге баратынын және жағдайдың мән-жайы анықталу үшін шұғыл түрде комиссия құрылатынын хабарлады.

Айта кетейік, ұшу білім беру бағдарламасы шеңберінде өткен болатын.

Сонымен қатар, кеше түнде Ақмола облысында белгілі кәсіпкер Владимир Свидерский жол апатынан қайтыс болды.

Kokshetau.asia аймақтық басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, Range Rover жүргізушісі Нұр-Сұлтанға қарай кетіп бара жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Соның солдарынан жол толғамайтын көлік аударылыпты. Осы сәтте көлікте бес адам болғаны белгілі болды. Олардың екеуі оқиға орнында қаза тапса, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876409-ukrainadagy-skeri-sak-apatynan-kaza-tapkandardy-sany-25-ke-zetti.html