Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Президент "Iске сәт! Ақ жол тілеймін!" деп жазды. Ол сондай-ақ қол қойып, сол күннің датасын көрсетті.

"Астана Моторс" компаниясы мемлекет басшысы қол қойған көлікті не істейтіндерін айтты.  

"Ол тарих үшін сақталып, зауыт кеңсесінің көрсету залына қойылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кәсіпорында президентке автокөліктерді құрастыру процесі көрсетілген болатын. Ол 2020 жылдың 15 қазанында ашылады.

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың, екінші кезеңде 45 мыңға дейін машина жасауға жетеді. Инвестицияның жалпы көлемі – 28 миллиард теңгеден астам, оның 30% – компанияның өз қаражаты.

Фото
Фото: Астана моторс

Естеріңізге сала кетейік, кеше, мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876415-tokaev-almatyda-avtoklikti-kapotyna-ne-zazdy-foto/

pixel