Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы әскери ұшақтың апатқа ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

ұшақ апаты Украина 1
Құлаған ұшақтың қирандылары. Фото: facebook.com / anton.gerashchenko.7

Украина ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко өзінің Facebook парақшасында Ан-26 ұшағының құлаған сәті бейнеленген видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Вице-министрдің мәліметінше, Ан-26 ұшағының апатқа ұшыраған сәті Чугуевтағы биік ғимараттардың біріне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Кадрлардан ұшақтың кенеттен оңға кетіп, артынан жойқын жарылыс болғаны көрінеді.

"Бұл видео тергеушілер мен сарапшыларға ұшақ командирінің сол жақ қозғалтқыштың істен шыққаны туралы хабарлап, оң жақ қозғалтқышпен қонуға дайындалғаннан кейін не болғанын анықтауға көмектесуі керек. Қайғылы жағдайда қаза болған Украина қорғаушылары мәңгі есте қалады!", – деп жазды Геращенко.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген.

Бортта 7 экипаж мүшесі және Кожедуб атындағы әуе Күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болғаны анықталды.

2 адам ауыр халде жатыр. Олар медициналық мекемелерге жеткізілді. Ал Украина президенті Владимир Зеленский қайғылы оқиға болған жерге баратынын және жағдайдың мән-жайы анықталу үшін шұғыл түрде комиссия құрылатынын хабарлады.

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1876448-ukrainadagy-skeri-sakty-apatka-syragan-sti-videoga-tsip-kaldy/

pixel