RU

Сүзбенің ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Сүзбе күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі және ер адамның қауқарын күшейтеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Гастроэнтеролог Алексей Буеверовтың сөзінше, сүзбе нәрлі заттарға, ақуыз бен майларға бай, онда керісінше көмірсулар аз.

"Сонымен қатар зерттеулер бойынша, сүзбені жиі жеген кезде көңіл-күй көтеріледі, бұдан бөлек, күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі", - дейді дәрігер.

Ол бұл тағамның құрамында кальций, магний, цинк сияқты микроэлементтер көп екенін атап өтті. Бұл тек сүйек тінін нығайтып қана қоймай, ер адамдардың қауқарын күшейтеді.

Дәрігер дүкенге барған уақытта "сүзбе" жазуына мән беруге кеңес берді. "Сүзбеше" және "сүзбе массасы" деген өнімдердің құрамында ароматизаторлар мен өсімдік майы болуы ықтимал.

Маманның пікірінше, сүзбе айтарлықтай құнарлы тағам, сол себепті оны тәулігіне 200 грамнан артық жемеген дұрыс.

"Көп жемеген жөн, бірақ майлылығы жоғары – бес немесе тоғыз болғаны абзал. Майсыздандырылған сүт өнімдерінің пайдасынан зияны зор", - деді Буеверов.

  • Біріншіден, ағзаға қажетті мөлшерде май түспегендіктен, оны өзі жинай бастайды.
  • Екіншіден, майсыздандырылған өнімдер дәмсіз болғандықтан, оның құрамына қант қосады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аспаз әрі блогер Нурия Дианова фастфуд тағамдардағы кейбір өнімдерді алмастыру арқылы оны біршама пайдалы етуге болатынын алға тартқан еді.

Ол пайдалы өнімдермен дәл сондай дәмді фастфудты жасау мүмкін емес екенін бірден атап өтті. Алайда, рецептті ішінара өзгерту арқылы тіл үйіретін әрі пайдалы десерт алуға болатынын жеткізді.

Сондай-ақ бұған дейін Ресейдің тұтынушылардың құқығын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералды қызметі су мен тамақта коронавирус анықталуының 46 жағдайын тіркеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876449-szbeni-eskim-ktpegen-pajdasy-anyktaldy.html