Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте 136 адам коронавирустан жазылды

Опубликовано:

төсек аурухана
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 136 адам COVID-19 індетінен жазылып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 136 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.

Атап айтқанда, аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 1,

Алматы қаласында - 3,,

Шымкент қаласында - 39,

Ақтөбе облысында - 43,

Атырау облысында - 1,

Батыс Қазақстан облысында - 2,

Қарағанды облысында - 37,

Павлодар облысында - 6,

Түркістан облысында - 4 науқас аурудан айықты.

Жалпы республика бойынша індеттен жазылғандар саны 102 666 адамға жетіп отыр.

Сондай-ақ соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Жалпы республика бойынша COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 107 723 адамға жеткен.

Айта кетейік, жақында Украина президенті Владимир Зеленский елде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеген болатын.

Аталған елде соңғы күндері анықталған жаңа инфекциялық жағдайлар саны тәулігіне 3 мың адамнан асып түскен.

"Бүгінгі таңда бізде тәулігіне 3 мың коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп отыр. Өкінішке қарай, бұл - Украинадағы екінші толқын. Біз украиналықтар үшін де, Украинаға келген шетел азаматтары үшін де тәуекел ете алмаймыз. Содан кейін, бұл жағдай тұрақталған кезде ғана Украина шекаралары ашылады", – деді Зеленский Братиславадағы баспасөз конференциясында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876460-kazakstanda-tken-tulikte-136-adam-koronavirustan-zazyldy/

pixel