RU

Елімізде өткен тәулікте 229 адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты

Тестілеу ковид 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы мен оның белгілері бар пневмониядан 5 адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

2020 жылғы 27 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат пайда болды.

Ведомствоның ақпарынша, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 45 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 808 науқас жатыр. 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 229 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 71 адам емделіп шықты деп жазды Coronavirus2020.kz сайты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 32452, 349 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27036 адамға жетті.

Айта кетсек, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Жалпы республика бойынша COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 107 723 адамға жетіп отыр.

Ал әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 32 миллионнан, ал инфекциядан көз жұмғандар саны 988 мыңнан асты. Барлық елдерде вирус жұқтырып, қайтыс болғандар саны көбеюде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876467-elimizde-tken-tulikte-229-adam-koronavirus-belgileri-bar-pnevmoniaga-saldykty.html