RU

Джеймс Бонд өмірде болған тұлға: Польша мұрағаттарында сәйкес дәлелдер табылды

Бонд 007
Джеймс Бондтың рөлін сомдаған актер Дэниел Крейг. Фото: mgm.com

Польшаның ұлттық жад институты Джеймс Бонд есімді адамның 1964-1965 жылдары Британия елшілігінде жұмыс істегенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты дәлелдейтін мұраған құжаттары институттың Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды

Джеймс Альберт Бонд 1964 жылғы 18 ақпанда Британия елшілігінде әскери атташе жанындағы мұрағат хатшысы қызметін атқару үшін Польшаға барды. Дипломат польшалық қарсы барлау қызметінің назарына іліккен. Олар Бондтың әрбір әрекетін қадағалап отырған.

Жарияланған құжаттарға сәйкес, Польшаның арнайы қызметтері Бондтың қарапайым дипломат болмағанын анықтаған: ол 1964 жылдың қазан және қараша айларында Белосток пен Ольштын провинцияларындағы әскери нысандарға кіруге тырысқан. Сондай-ақ британиялықтың адамдармен тез тіл табыса алатыны айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ сенатының барлау комитеті Дональд Трамптың Ресей президентіне жазған алғашқы хаттарын жария еткен болатын.

Бірінші хат 2008 жылы жазылған. Онда Трамп Ресей президентін Time журналының нұсқасы бойынша "Жыл адамы" атағына ие болуымен құттықтаған.

Екінші хаты 2013 жылы жазылған, онда Трамп Путинді Мәскеуде өткелі жатқан "Әлем аруы" байқауына шақырған.

Сондай-ақ бұған дейін ABC телеарнасы мәлім еткендей, Американың барлау қызметі 2019 жылғы қараша айының соңында Қытайдың Ухань қаласында жаңа коронавирустың өршуі туралы АҚШ билігін ескерткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876478-dzejms-bond-mirde-bolgan-tlga-polsa-mragattarynda-sjkes-dlelder-tabyldy.html