RU

Алматы облысында 3 күн бойы аяз болады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында 3 күн бойы аяз болады. Бұл туралы өңірдік төтенше жағдайлар қызметі мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

"Қазгидромет" мамандарының 2020 жылғы 26 қыркүйектегі дауылды ескертуі негізінде Алматы облысында түнде, 27-29 қыркүйек аралығында кей жерлерде, жердің бетінде -3 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіліп отыр.

Осыған сәйкес Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Cонымен қатар, "Қазгидромет" мамандары еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады.

  • 27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
  • Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.
  • Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
  • Қостанай облысында кей жерінде тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.
  • Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.
  • 27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі.
  • 27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.
  • 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар жауғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876480-almaty-oblysynda-3-kn-bojy-aaz-bolady.html