Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: Бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

 Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын, ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізген.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1876488-tauly-karabakta-sogys-zagdajy-engizildi-bejbit-trgyndar-arasynda-kaza-tapkandar-bar/

pixel