Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Фото
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді. 

Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз.

Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз", - делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876492-ministrlik-arman-zerbajzan-kaktygysyny-usyguyna-bajlanysty-mlimdeme-zasady/

pixel