Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжан Қарабақтағы оқиғаларға байланысты соғыс жағдайын енгізді

Опубликовано:

165466
Фото: РИА Новости / Владимир Астапкович

Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Әзербайжанның бірқатар өңірінде соғыс жағдайы енгізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы Ильхам Алиев сәйкес жарлыққа қол қойды.

Ел парламентінің кезектен тыс отырысында соғыс жағдайын енгізу туралы шешім қабылданған деп жазды РИА Новости. Кейіннен оны Әзербайжан президенті бекітті.

Ішкі істер министрлігіне коменданттық сағат жариялау тапсырылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

"Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз.
Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз", - делінген сыртқы саяси ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1876510-zerbajzan-karabaktagy-okigalarga-bajlanysty-sogys-zagdajyn-engizdi/

pixel