Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа зәулім мешіт бой көтерді (фото, видео)

Опубликовано:

Мешіт
Фото: azan.kz

Алматының "Жас қанат" ықшамауданында "Абдулла" атты жаңа мешіт ашылды. Бұл - қалада салынған 52-мешіт. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы azan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Абдулла» мешіті Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты «Жас қанат» шағын ауданында жомарт жандардың демеушілігімен бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Мешіт
Фото: azan.kz

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағамбет, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов, мешіт салуға атсалысқан кәсіпкер азаматтар, мешіт қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Мешіт
Фото: azan.kz

Ашылу салтанатына келген қонақтарды мешіт жамағаты шашумен күтіп алып, ашылу рәсімі қаланың бас имамы Еркінбек Шоқайдың Құран оқуымен басталды. Ал Құранның батасын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жасады.

Мешіт
Фото: azan.kz

Жаңа мешіттің лентасы қиылып, қонақтар құлшылық үйіне кірді. «Абдулла» мешітінің бас имамы болып Мырзаев Тыныштықбай тағайындалған.

Мешіт
Фото: azan.kz

Жер көлемі 0500 г. болатын «Абдулла» мешіті үш қабаттан құралған: 1-қабат 558 шаршы метр (5 қызметкер бөлмесі); 2-қабат 380 шаршы метр (неке залы, дәрісхана); 0-қабат 550 шаршы метр. Мешіт асханасында бір уақытта 250 адамға дейін тамақтана алады.

Мешіт
Фото: azan.kz

Ал дәретханасын бір мезетте 54 ер азамат, 25 әйел кісі пайдалануына болады. Мешіт ауласындағы балаларға арналған ойын алаңқайы 100 шаршы метрді құрайды. Көлік тұрағы 80 көлікке арналған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Әбдіжаппар Әлқожа ауыл тұрғындарына арнап, өз қаржысына мешіт салып бергенін жазған едік.

Мешіт
Фото: azan.kz

Одан бөлек, Қазақстандағы ерекше жеті мешіт туралы жазған болатынбыз.

Мешіт
Фото: azan.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876516-almatyda-zaa-zulim-mesit-boj-kterdi-foto-video/

pixel