RU

Елімізде өткен тәулікте 52 адамнан коронавирус анықталды

тәжвир85
Көрнекі фото: pixabay.com

27 қыркүйекте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 52 науқас тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен тәулікте 52 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, олардың вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1

Алматы қаласы - 6

Ақмола облысы - 4

Ақтөбе облысы - 2

Алматы облысы - 2

Атырау облысы - 4

Шығыс Қазақстан облысы - 14

Жамбыл облысы - 1

Батыс Қазақстан облысы - 1

Қарағанды облысы - 4

Қостанай облысы - 2

Павлодар облысы - 6

Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107775-ге жетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова коронавирус жұқтырып, індеттен айыққан адамның иммунитеті қаншалықты мықты болатынын айтты.

Сонымен бірге Солтүстік Қазақстанда құс тұмауының өршуінен 18 елді-мекен карантинге жабылып қалды. Мұнда 184 мыңнан аса құс қырылған.

Айқын газеті таратқан ақпаратқа сәйкес, құс тұмауымен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiліп, жедел штаб жұмыс істейді.

"Бүгінгі күнге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған. Оның 15 мыңға жуығы үй құсы. Қырылған құстың қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Құстардың қырылу фактісі 40 елдімекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876517-elimizde-tken-tulikte-52-adamnan-koronavirus-anyktaldy.html