RU

Америкалық полицей Димаш Ниязов Дональд Трампқа дауыс беруге шақырды

Диамш Низяов
Фото: instagram.com/dimash.niyazov

Нью-Йорктегі полицей әрі кәсіби боксшы Димаш Ниязов АҚШ-тың қазіргі президенті Дональ Трампқа дауыс беруге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Америкалық тәртіп сақшысы өзінің Instagram парақшасында Дональд Трампқа жазба арнады.

"Әлі 4 жыл. Трамқа дауыс берейік", - деп жазды Ниязов. Сонымен бірге, полицей сайлаушылармен кездесу кезінде президенттің билеген видеосын жүктеген.

Айта кетейік, АҚШ-та 3 қараша күні президенттік сайлау өтеді. Республикалық партия Дональд Трампты ресми түрде кандидат етіп жариялады.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Трамптың кандидатурасы партия съезі кезінде ұсынылған. Дауыс беру тікелей эфирде жүргізілді.

Қазіргі уақыттағы АҚШ елінің басшысына 1276 делегат дауыс берген - бұл дауыстар оның екінші мерзімге үміткер атануына жеткілікті болған.

Басылым дауыс беру тек ресмилік үшін өткенін алға тартуда, себебі Трамптың республикалықтар арасында шынайы бәсекелесі жоқ.

Сондай-ақ, АҚШ-тың демократиялық партиясы бұрынғы вице-президент Джо Байденді ресми түрде президентікке үміткер ретінде ұсынған болатын. Байден съезде дауыс берген партиялық делегаттардың ең көп дауысын жинаған.

Сонымен қатар, Трамптың АҚШ президенті болғанына дейін Путинге жазған хаттары жарияланған болатын. Онда Трамп Ресей президентін Time журналының нұсқасы бойынша "Жыл адамы" атағына ие болуымен құттықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876523-amerikalyk-policej-dimas-niazov-donald-trampka-dauys-beruge-sakyrdy.html