Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолияда 25 жастағы қыздан бубон обасы анықталды

Опубликовано:

суыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Моңғолия аумағында жексенбі күні бубон обасын жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі Ұлттық зоонозды инфекциялар орталығы сілтеме жасап хабарлаған.

Агенттік ақпаратынша, Ховд аймағында тұратын 25 жастағы қызға жасалған зертханалық тест оның бубон обасын жұқтырғанын растаған. Орталықтың айтуынша, жас қыз бұған дейін суыр етін жеген.

Жыл басынан бері Моңғолияда бубон обасын жұқтырған 22 жағдай тіркелген.

Айта кетейік, аталған аурудан үш адам қайтыс болған. Завхандағы Тосонцэнгэл ауданында обадан 38 жастағы адам көз жұмған.

Бұған дейін Моңғолияның батысында орналасқан Ховд провинциясында 42 жастағы ер адам көз жұмғаын жаздық. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Доржийна Нарангэрэла берген ақпаратқа сәйкес, марқұм өлер алдында суыр етінің екі тұлыпын сатып алған.

Сондай-ақ, Говь-Алтай провинциясында да дәл осы індеттен 15 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны хабарланған. Марқұм ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Артынша марқұмның үш күн бұрын достарымен бірге суыр етін жегені белгілі болды.

Бубон обасы – өте қауіпті жұқпалы ауру. Қазіргі уақытта ол жақсы емделіп, тексеріледі, бірақ қажетті көмек көрсетілмесе, ересек адам 24 сағат ішінде өліп кетуі мүмкін.

Індеттің негізгі тасымалдаушыларына жабайы кемірушілер, суырлар, сарышұнақтар, егеуқұйрықтар жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876529-mogoliada-25-zastagy-kyzdan-bubon-obasy-anyktaldy/

pixel