RU

Елде бір тәулікте төрт адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды. Аурудан соңғы бір тәулікте 4 адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 27 қыркүйекте 38 қазақстандықтан коронавирус белгілері бар пневмония расталды, 1 науқас осыған ұқсас диагнозбен қайтыс болды.

Осы уақытқа дейін пневмония 350 адамның өмірін қиды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми telegram-арнасы елдегі коронавирустан болған өлім-жітім туралы соңғы мәліметтерді ұсынды. Оған сәйкес, соңғы тәулікте коронавирус диагнозы қойылған 3 адам көз жұмды.

28 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, таңертең Қазақстан ауруханаларында 1,8 мың адам инфекцияға қарсы ем алуда, 1,4 мың адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр, ал коронавирусы бар науқастардың 46-сы - кәмелетке толмағандар.

"94 адамның жағдайы ауыр, 15-інің жағдайы өте ауыр, 23-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, 27 қыркүйекте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 52 науқас тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова коронавирус жұқтырып, індеттен айыққан адамның иммунитеті қаншалықты мықты болатынын айтты.

Сонымен бірге Солтүстік Қазақстанда құс тұмауының өршуінен 18 елді-мекен карантинге жабылып қалды. Мұнда 184 мыңнан аса құс қырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876535-elde-bir-tulikte-trt-adam-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kz-zmdy.html