Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маман ең зиянды "пайдалы" тағамдарды атады

Опубликовано:

өнім
Көрнекі фото: pixabay.com

Диетолог- нутрициолог Арина Скоромная ең зиянды "пайдалы" тағамдарды атады. Ол бұл туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, денсаулыққа пайдалы деп саналатын майсыз тағамдар дұрыс қолданылмаса, керісінше адамға зиян тигізуі мүмкін. Скоромная майдың ағзаға қажет екенін атап өтті. Сарапшы сонымен қатар, онсыз бойға кальций сіңірілмейтінін, ал мұның өз кезегінде майсыз сүт өнімдерінің пайдасын төмендететінін алға тартты.

Сонымен қатар, маман таңертең жаңа сығылған шырындарды ішуге болмайтынын атап өтті. Себебі бұл қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп жіберуі мүмкін екенін айтты. Ол жалпы алғанда шырындардың пайдасы тым асыра бағаланатынын сөз етті.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейлік диетолог-дәрігер Инна Кононенко таңғы аста денсаулыққа зиян келтіретін азық-түліктерді атаған еді.

Дәрігер бірінші кезекте таңғы аста тез дайындалатын ботқаларды тұтынбауға кеңес берді. Олар қандағы қант деңгейін күрт арттырады және инсулиннің бөлінуін қоздырады.

Сондай-ақ "зиянды таңғы астардың" тізіміне сүтпен немесе шырынмен арластырылған мюсли мен қауыздар, бутербродтар және тостер наны мен джем кіреді.

Айта кетейік, бұған дейін аспаз әрі блогер Нурия Дианова фастфуд тағамдардағы кейбір өнімдерді алмастыру арқылы оны біршама пайдалы етуге болатынын алға тартқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1876546-maman-e-ziandy-pajdaly-tagamdardy-atady/

pixel