Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вайнер Жека Fatbelly нашақор әкесі мен есінен адасқан ағасы туралы сырын ашты

Опубликовано:

джеки
Видеодан кадр: instagram.com/zheka_fatbelly

Әлеуметтік желіде Жека Fatbelly лақап атымен танылған қазақстандық вайнер Жеңіс Омаров өз отбасының ауыр тағдырын айтып берді. Сөзінше, әкесі нашақор, ал ағасы есінен адасқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс өзінің отбасы жайлы айтып берген видеосын Іnstagram парақшасына жариялаған.

"Бұл мен үшін ең қиын түсірілімдердің бірі болды. Өз ағам мен әкемнің оқиғасын ешқашан көпшілікке айтпағанмын", - деп жазған вайнер.

Жеканың сөзінше, ол толыққанды отбасында өмірге келген. Анасы, әкесі және ағасы болған. Вайнер 6 жасқа келгенде өмірі күрт өзгеріп, әкесі түрмеге отырған.

"Сол сәтте мен әкемнің бір нәрсемен айналысатынын, оның қызметі басқалардан өзгеше екенін түсіндім", - деді Жеңіс.

Осы кезден бастап Жеканың ағасы әкесінің орнын басып, оны 13 жасқа дейін өсірген. Сөйтіп блогер ағасынан да айырылып қалған.

"Оның есі ауысқан, яғни ауырып қалды. Соңғы үш жылда ол қиналды. Бұл ең ауыр үш жыл болды, себебі сен адаммен бір үйде өмір сүресің және оның бүгін түнде саған не істейтінін білмейсің", - деді вайнер.

Бірнеше уақыттан кейін Жеканың әкесі үйіне оралып, бәрі жақсы болған. Алайда блогер әкесінің есірткіге тәуелді екенін білген.

"Бұл мен бастан өткерген жай ғана кезекті тозақ кезең болды. Есірткіге бару, қирату, осының бәрін көру, ештеңе болып қалмас үшін оны 24/7 аңду, үйдегі ұрыс-керіс. Ақыр соңында мен 17 жаста болғанда әкем де қайтыс болды", - деп ауыр күндерін еске алды вайнер.

Бір кездері ол осының бәрі тек өзімен болғанына қапаланған.

"Қазір бұл менің мықтырақ еткенін түсінемін. Мен ағамның немесе әкемнің жолымен жүрмеу керек екенімді білемін. Мені жақсы нәтижеге әкелетіндей дұрыс таңдауды өзім жасауым керек", - деді Жеңіс.

Қорыта келе ол кез келген жағдайдан сабақ алып, дұрыс жақтарын көре білу керектігін айтты. Сонымен бірге Жеңіс әрбір адам өзінің драмасы және ауыртпашылығымен күресетінін, алайда оны көбісі көрсете бермейтінін жеткізді.

Еске сала кетсек, Блогер Zheka анасы екінші рет тұрмысқа шығатынын айтқанда қандай әсерде болғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876588-vajner-zeka-fatbelly-nasakor-kesi-men-esinen-adaskan-agasy-turaly-syryn-asty/

pixel