RU

Ақтөбеде үш айлық нәрестеден коронавирус анықталды

Фото
Көрнекі фото: Pexels.com

Өткен тәулікте Ақтөбеде 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның біреуі үш айлық сәби деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, баланың анасы жедел респираторлы вирустық инфекция белгілеріне байланысты дәрігердің көмегіне жүгінген. ПТР зерттеулерінің қорытындысы бойынша сәбиге COVID-19 диагнозы қойылғаны белгілі болды.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынған.

Өңірде профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғаса бермек.

27 қыркүйекте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 52 науқас тіркелді. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107775-ге жетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова коронавирус жұқтырып, індеттен айыққан адамның иммунитеті қаншалықты мықты болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876592-aktbede-s-ajlyk-nresteden-koronavirus-anyktaldy.html