RU

Еліміздің тағы бір өңірінде карантин режимі 12 қазанға дейін ұзартылды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Атырау облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Тиісті құжатқа сәйкес, өңірдегі шектеу шаралары 12 қазанға дейін ұзартылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Қаулыда "Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00:00-ден 12 қазан сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын деп көрсетілген.

  • Тиісті құжат бойынша, ойын-сауық орындарының (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдарымен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады;
  • Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілмек.
  • Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 50 пайызы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталады;
  • Бір мезгілде жабық ғимараттарда, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 08:00-дан 00:00-ге дейін рұқсат беріледі;
  • Маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беріледі;
  • Сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде қызметіне рұқсат беріледі.
  • Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулы 4-қосымша талаптарын сақтай отырып ұзақ және қысқа мерзімде кездесулер рұқсат етіледі;
"Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылады: Теңіз аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақтала" -делінген қаулыда.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шымкентте карантин және шектеу шаралары тағы екі аптаға ұзартылғанын жазған едік. Қаланың бас санитар дәрігерінің тиісті қаулысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Құжатта Шымкенттегі карантин 28 қыркүйек 00:00-ден 2020 жылғы 12 қазан 00:00-ге дейін ұзартылды делінген. Осы кезеңде қала тұрғындары үшін жаппай жиналатын іс-шараларға (еске алу, туған күн, мерейтойлар, шығарып салу, құдалықтар, беташарлар және басқалары) тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876597-elimizdi-tagy-bir-irinde-karantin-rezimi-12-kazanga-dejin-zartyldy.html