Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты

Опубликовано:

Фото
Фото: Айдос Үкібай/Twitter

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Түркістан қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сай етіп салынған.

Фото
Фото: Айдос Үкібай/Twitter

Сонымен қатар, Елбасы "Түркістан-Арена" стадионында болып, кейін "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына барды. Нұрсұлтан Назарбаев концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көпфункционалды мәдени нысанмен танысқан.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласына келгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876607-elbasy-trkistandagy-halykaralyk-uezajdy-asylu-rsimine-katysty/

pixel