RU

Үндістанда соңғы бір тәулікте 88,6 мың адамнан коронавирус анықталған

тәжвирус5465
Көрнекі фото: Yawar Nazir/Getty Images

Үндістанның денсаулық сақтау министрлгі елде соңғы бір тәулікте 88,6 мың адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Үндістандық денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, өткен тәулікте 88,6 мың адамнан қауіпті инфекция анықталып, вирус жұқтырғандар саны 6 миллионнан асқан.

Осылайша бұл ел коронавирус жүқтыру көрсеткіші бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.

Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, соңғы тәулікте 74 мың адам ауруды жеңген. Ал коронавирустан сауыққандардың жалпы саны 5 миллионнан асып отыр.

Сондай-ақ ауруханаларда 962 мың адам ем алып жатыр. Өткен 24 сағат ішінде 1039 адам коронавирус салдарынан қайтыс болып, марқұмдардың жалпы саны 95 мыңнан асып кеткен.

Еске сала кетсек, әлемде COVID-19 дертінен көз жұмғандар саны миллионнан асқанын хабарлаған едік.

Worldometers онлайн-дайджестінің мәліметтері бойынша, 28 қыркүйек күні таңертеңгі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны әлемде 33,3 миллион адамды құрады, ал 24,6 миллион адам қауіпті аурудан айығып шықты.

28 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустан жапа шеккендер саны дүниежүзінде 1 002 383 адамды құрайды.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, 27 қыркүйекте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 52 науқас тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова коронавирус жұқтырып, індеттен айыққан адамның иммунитеті қаншалықты мықты болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876614-ndistanda-sogy-bir-tulikte-886-my-adamnan-koronavirus-anyktalgan.html