Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда мүгедек балаларға жылуды тегін берген басшы елді қуантты

Опубликовано:

Фото
Фото: ТаразЭнергоОрталық

Жамбылдық бір топ азамат Тараздағы басқарма басшысының мәжіліс депутаты атануға әбден лайық екенін айтып, үндеу таратты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Атап айтар болсақ, көпшілік "ТаразЭнергоОрталық" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бақберген Мәуленовтің іскерлігін, еңбекқорлығын және қайырымдылығын алға тартып отыр.

Тұрғындар Бақберген Бөлдешұлы қызметке келгелі бері ыстық су мәселесінің шешілгеніне разы. Іскер азамат былтыр 132 миллион таза табыспен шығып, қарамағындағы қызметкерлердің орташа жалақысын 138 мыңға жеткізген.

Тәжірибелі басшы алдағы уақытта Ресейден озық үлгідегі жылу, ыстық су және электр қуатын өндіретін жабдықтар әкеліп орнатпақшы.

Бүгінде Бақберген Мәуленов Тараздағы Ұлы отан соғысы ардагерлері мен үйінде мүгедек бала асырап отырған ата-аналарға жылуды тегін беру туралы шешім қабылдады. Тараз қаласында осындай көмекке мұқтаж 453 абонент бар.

Сондай-ақ, Бақберген Мәуленовтің коронавирус індеті кезінде бірнеше отбасыға көмек қолын созып, қайырымдылықпен айналысқаны да тұрғындарды қуантып отыр.

Бүгінде олар өз басшыларын парламент төрінен көргісі келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Таразда 50 жылдан бері тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар шағымдарын айтқан еді.

Фото
Фото: ТаразЭнергоОрталық

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876625-tarazda-mgedek-balalarga-zyludy-tegin-bergen-bassy-eldi-kuantty/

pixel